Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері үйінің ауласында есірткі өсірген тұрғынды қолға түсірді

«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шаған ауылында заңсыз есірткі өсімдігін өсірумен айналысқан 58 жастағы тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның үй-жайын берілген рұқсат арқылы тінту кезінде үйінің ауласынан өсірілген және өсіру іздері бар 2 түп қарасора тұқымды өсімдік, үйдің жанында құрылыс жүріп жатқан жерде ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті өсімдік салынған пакет табылды. Өсімдіктердің жалпы салмағы – екі келі.

Тәркіленген заттай айғақтар сараптамаға жіберілді.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 300-бабына (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру