Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО тұрғындары полицейлердің көзінше есірткіні жұтпақ болды

БҚО полицейлері Орал қаласының травматикалық қару мен құрамында есірткі бар препараттарды тасымалдаған екі тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталғандардың бірі ақ зат салынған затты жұтып қоюға тырысты.

БҚО полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “Шкода Октавия” автокөлігін тоқтатты. Автокөлікте үш адам болды. Оның біреуі – такси жүргізушісі. Полиция олардан көліктен шығуды сұрағанда, олардың бірі ақ кристалды ұнтақ салынған пакетті алып, аузына салып, жұтуға тырысты. Бірақ полицейлер оған кедергі жасап үлгерді. Сонымен қатар, ақ кристалды зат салынған пакеттен басқа, ұсталғандардан тіркелмеген травматикалық қару тәркіленді.

Оларға қатысты ҚР ҚК 296-бабы (Құрамында есірткі бар препараттарды заңсыз қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама тағайындалды. Ұсталған азаматтардың арасында такси жүргізушісінің бұл іске мүлде қатысы жоқ болып шықты. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру