Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Брендтік сөмкелерді уәде еткен алаяқ ақмолалықты 1,5 млн теңгеге алдап кетті

Брендтік сөмкелерді уәде еткен алаяқ ақмолалықтың 1,5 млн теңгеден астам ақшасын иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады.

Алдын ала тергеу барысында қаскүнем брендтік сөмкелерді сату сылтауымен біреудің ақшасын алдап иемденгені анықталды.

Ер адам 28 мамырда 33 жастағы көкшетаулықтың 1 млн 590 мың теңге сомасында алдын ала төлем алып, кейін телефонын өшіріп, зардап шегушімен байланысқа шығуды тоқтатқан.

Аталған факті бойынша Көкшетау қаласының Полиция басқармасы ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру