Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда ІІО-ның құрылғанына 30 жыл толуына орай концерт өтті

Көкшетауда ІІО-ның құрылғанына 30 жыл толуына орай концерт өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 маусымда Көкшетау қаласының орталығында орналасқан амфитеатр сахнасында Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт өтті. Осы кешке жиналған полицейлер бір жарым сағат жанды дауыспен жағымды көңіл-күй сыйлады. Көкшетау қаласының Мәдениет басқармасының жан-жақты қолдауымен Полиция департаменті қызметкерлері дайындаған музыкалық нөмірлерді облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері мен полицейлердің отбасы мүшелері тамашалады.

– 30 жыл бойы ішкі істер органдары елдегі құқықтық тәртіпті сақтау бойынша күрделі міндеттерді орындады және орындап келеді, қылмысқа қарсы ымырасыз күрес жүргізуде, мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғауда тұрақты тұр, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауда. Биылғы жыл әрбір полиция қызметкері үшін ерекше және біз өз жетістіктеріміз бен жеңістерімізді сіздермен бөлісуге қуаныштымыз. Біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттермен қатар, полиция департаменті үлкен шығармашылық әлеуетке ие: біздің вокалшыларымыз облыстық, сондай-ақ республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, бүгін сіздер полиция қызметкерлерінің қаншалықты көп қырлы және талантты екеніне көз жеткізесіздер, – деді Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы Думан Таев.

Айта кету керек, ұйымдастырушылар мерекеге аса жауапкершілікпен қарады, ал ең кішкентай қонақтарды тегін балмұздақ түрінде ерекше тосынсый күтіп тұрды. Осы кеште көрермендер назарына 17 музыкалық нөмір ұсынылды. Вокалистердің репертуары әртүрлі болғаны сонша әр ән тыңдаушының жүрегінен орын тапты. Сахнадан мемлекеттік, орыс, ағылшын және итальян тілдерінде әндер шырқалды. Патриоттық әндермен қатар қазіргі заманның хиттері де шырқалды.

Концертті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Бекзат Жұмаенов, Дамир Ильясов және Нұрсұлтан Мәмбетов ашып, “Өз елім” әнін орындады. Бәрімізге таныс “Синяя вечность” әнін тамаша орындаған полиция майоры Қуаныш Есенбеков үлкен әсер қалдырды. Майор Асан Әубәкіровтың орындауындағы “Вальс” әуеніне қонақтар сахна алдында би биледі. “Любовь уставших лебедей” әнін орындаған полиция майоры Әсем Жиенғалиеваның және полиция майоры Қарлығаш Тәшімованың “Шіркін-ай” әнінің сөздері ешкімді бей-жай қалдырмады. Көрермендер Әйгерім Жақыпбаева мен Айдана Исинаның дуэтін ду қол шапалақпен қарсы алды. Тәртіп сақшыларын “Импульс” балалар үлгілі хореографиялық ансамблі құттықтап, көрермендерді әсерлі билерімен қуантты.

Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. “Рубеж” тобын қонақтар қошеметпен қарсы алды. Көрермендер орнынан тұрып, 80-ші жылдардағы попурриді орындаған ардагерлерге қол соғып, қосылып ән айтты.

Концерттік бағдарлама соңында департаменттің вокалды тобы “На страже” авторлық әнін орындады. Көрермендер тәртіп сақшыларының дарынын жоғары бағалап, концерттен кейін ұзақ уақыт бойы өз әсерлерімен бөлісіп, полицейлермен естелік суретке түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру