Бұрын істі болған азамат Талдықорғанда есірткімен ұсталды
Бұрын істі болған азамат Талдықорғанда есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорғанда полицейлер 39 жастағы ер адамды бір пакет анашамен ұстады.
Сот санкциясымен тінту кезінде оның тұрғылықты жерінен де есірткі табылды. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 60 грамды құраған, бұл ірі мөлшерде деп есептелінеді.
Арнайы мәліметтер базасын тексеру кезінде ұсталған адамның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны және жазасын түзеу мекемесінде өтегені анықталды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық тергеу амалдары басталды.