Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Былтыр Ақтөбе облысында 255 есірткі қылмысы тіркелді

Былтыр Ақтөбе облысында 255 есірткі қылмысы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД полиция қызметкерлері есірткі қылмыскерлерін әшкерелеу мақсатында күн сайын жедел іс-шаралар өткізеді. Мониторинг барысында есірткі тұтынуды және құрамында есірткі бар препараттарды таратуды насихаттайтын интернет-ресурстардың жұмысы бақылауға алынады.

Өткен жылда Ақтөбе облысының аумағында 255 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 74 қылмыс, есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу саласында 181 қылмыстық теріс қылық тіркелген. Тәркіленген және заңсыз айналымға жіберілмеген есірткінің салмағы 288 келіден асты.

Өткен жылы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық заттардың заңсыз айналымына байланысты 10 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ, есірткі заттарын өткізудің 52 дерегі анықталды, аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сақтаудың төрт, насихаттау немесе заңсыз жарнама жасаудың бес дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру