Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Депутат пен ҚХА өкілі Алматыдағы қамаудағылардың жағдайымен танысты

Депутат пен ҚХА өкілі Алматыдағы қамаудағылардың жағдайымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 ақпанда Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің ЛА-155/18 мекемесіне Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Абилфас Хамедов, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы Алматы қаласы хатшылығының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Назар Балғымбаев келіп, тұтқындардың жағдайымен танысты. Олар №3 посттың № 32 және № 33 камерасында жатқан қамаудағылармен бетпе-бет әңгімелесіп, ұстау және тамақтану, сондай-ақ тұтқындарды тергеу жағдайын бақылады.

Тексерудің мақсаты – қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған адамдардың ЛА-155/18 мекемесіндегі жағдайын көзбен көру, оларға көрсетіліп жатқан медициналық-санитариялық қызметтердің сапасын және тұтқындағылардың құқықтары мен бостандықтарына қайшы келетін азаптау фактілерінің анықтығын тексеру, сонымен қатар күдіктілерге заң алдындағы жауапкершіліктерін түсіндіру.

Тексеру кезінде ұсталғандар тарапынан мекеменің ұстау жағдайларына, оның ішінде азаптауларға қатысты шағымдар болған жоқ.

Тергеу изоляторына келген Мәжіліс депутаты А.Хамедов және ҚХА өкілі Н.Балғымбаевпен Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Д. Қанатбеков және мекеме басшысы А.Жумадиев, Алматы қалалық прокуратурасының басқарма бастығы А. Омаров бірге жүріп, тергеу изоляторындағы заңдылықты сақтау барысымен таныстырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру