Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды

Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел арналар арқылы келіп түскен ақпаратты Алматы қаласы бойынша ҰҚКД және Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тексерді.

Импровизацияланған орыннан 4 атыс қаруы табылды. Атап айтқанда, “Beretta Xtreme”, “Tikka T3x”, “Gamo FS 10x igt”, “Sako TRG”.
Тәркіленген қарудың нақты тиесілігі сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталатын болады.

Сонымен қатар, бұл қарулардың қандай да бір қылмыс жасауда қолданылған-қолданылмағаны сараптамалық зерттеу нәтижесінде анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру