Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда ҚАЖ қызметкерлері әріптесінің еміне бір күндік жалақыларын жинап берді

Таразда ҚАЖ қызметкерлері әріптесінің еміне бір күндік жалақыларын жинап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбылда ҚАЖ саласының қызметкерлері бір ауыздан шешім қабылдап, бір күндік жалақыларын дерті жанына маза бермеген әріптесінің еміне көмек көрсету мақсатында аударды. Осылайша, әулиеаталық ҚАЖ қызметкерлері ЖД-158/2 мекемесінің режим бөлімінің аға жедел уәкілі Самат Байтуғановқа 1 150 000 теңгенің сертификатын табыстады. Өңірлік ҚАЖ департаментінің бастығы Нияз Рыспаев қолайлы донор ретінде қол ұшын созған қызметкерлердің қайырымдылық ісі ізгіліктің анық көрінісі екенін атап өтті.

– Қай салада болмасын айналамыздағы ортаға деген жақсы қарым-қатынасымыз, адамдар арасындағы ыстық ықыластың, жанашырлықтың және қамқорлықтың тууына себеп болады. Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері әріптестерін қиындықта қалдырмай, қолдарынан келгенше өзгелерге үлгі болатындай игі іс көрсетті. Міне, осындай қолдаудың арқасында көп уақыт өтпей-ақ әріптесіміз жарақатынан жазылып, өмір қайтадан әдеттегі жаймашуақ қалпына келетініне сенімдімін, – деді Нияз Қанатұлы.

Өз кезегінде Самат Бейбітұлы көмек қолын созған әріптестеріне алғысын білдіріп, олардың қиындығы мол қызметтеріне сәттілік тіледі. Айта кетейік, ҚАЖ қызметкерлерінің тарапынан болатын көмектер тек қана белгілі бір күндерге емес, жылдың барлық уақытында қажеттілігіне қарай көрсетіліп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру