Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Димаш Құдайбергеновтің муралы колонияда салынды

Димаш Құдайбергеновтің муралы колонияда салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлемге әйгілі қазақтандық әншінің портретін Қарағанды облысында жазасын өтеуші салып шықты.

№33 мекеменің клубындағы 3 метрлік қабырғада қазақ сазгері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайбергеновтің муралы пайда болды.

Қарағанды облысының колониясында суретші өзінің талантымен мекеменің әкімшілігін талай рет таң қалдырған болатын. Жазасын өтей жүріп ол әлемге әйгілі қазақтандық әншінің портретін Республика күніне орай салмақ болды. Колония қызметкерлері оны барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етеді. Енді, міне, Димаш Құдайбергеновтің портреті мекеменің жиын залынан орын алып отыр. Сотталғанның осынау кезекті жауһар туындысын жасап шығаруына 5 күн қажет болған. Жұлдыздың портретінің жанында ол өзінің сүйікті әндерінің бірі “Қазақстан” әнінен үзінді де келтіреді.

– Бас бостандығынан айыру орнында бола жүріп мен өзімнің шығармашылық қызметімді дамытуға да уақыт таба білдім. Мен сурет салсам уақыттың қалай өткенін сезбей қаламын, мен өзімнің проблемаларым мен күйзелістерімді естен шығарамын. Сурет салу мен үшін тек қызығушылық қана емес, сонымен бірге ол менің өмірімнің мәні, бір бөлшегі, – деп ағынан жарылды суретші.

– Сотталғандар шығармашылықпен айналыса жүріп өздерін бас бостандығынанайыру орындарына бейімделуін жақсартып қана қоймайды, сонымен бірге оларды бостандықтағы өмірге де дайындайды және өмірлік көзқарастырын өзгертуіне де ықпал етеді, – деп хабарлады мекеме бастығы Ерлан Апаханов.

Жауап қалдыру