Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Динамо қозғалысының ардагері туралы видеоролик ҚР ІІМ конкурсында екінші орынға ие болды

Динамо қозғалысының ардагері туралы видеоролик ҚР ІІМ конкурсында екінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсірген және “Спортсыз күнім жоқ” сайысында екінші орынға ие болған видеоролик әлеуметтік желілерде 1 700-ден астам рет қаралған. Конкурсты “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының Орталық кеңесі өткізді. Видеоның басты кейіпкері құрметті “динамошы”, Петропавл қаласының құрметті тұрғыны Бауыржан Құлжанов болды.

– Ол Солтүстік Қазақстан спортына еңбегі сіңген ардагерлердің бірі, – дейді ДШСҚ облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Тұғынбаев. – Ол жас кезінде-ақ ұлттық күрес – қазақ күресінен спорт шебері атанды. Ол комсомол ұйымында, кейін полицияда жұмыс істеді, “Динамо” төрағасының орынбасары болды, кеден қызметінің полковнигі шенінде зейнетке шықты. Конкурс жарияланған кезде біз ойланбастан видеороликтің кейіпкерін таңдадық. Бауыржан Ниязұлы – “Спортсыз күнім жоқ” қағидасын өз өміріне сіңірген адам. Ол Динамоның қатарында болған кезде де, заңдылықты сақтау қызметінде де жаттығуды тастаған емес. Қазірдің өзінде ол ауа-райына қарамастан жүгірумен айналысып, көшедегі тренажерлардың жанынан құр өтпейді.

Бауыржан Құлжанов өз үйінде Солтүстік Қазақстан спортының нағыз жеке мұражайын жинақтады. “Спорт менің қанымда”, – дейді ол және бұл бекер айтылған сөз емес. Жарыс қорытындысы бойынша ол “Динамо” ДШСҚ Орталық комитетінің II дәрежелі дипломына ие болды. Облыстық Полиция департаментінің аппараттық жиналысында жүлде табыс етілді. Департамент бастығы Марат Төлебаев спортты кеңінен насихаттауға қосқан үлесі үшін, бейнероликті жасаған – “Динамо” ДШСҚ СҚОФ бас маманы Галина Скорых пен СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Ерлан Махметовке алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.