Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қайтыс болған полицейдің отбасы баспаналы болды

Түркістан облысында қайтыс болған полицейдің отбасына баспана беріліп, қаржылай көмек көрсетіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Онда аудан әкімі Бауыржан Омарбеков пен қайтыс болған әріптесіміз Рахат Құлтаев жұбайымен кездесті. Облыстың бас полицейі кездесу кезінде полицейдің жары Бахтыгүл Жетпісбайқызына полицейлер тарапынан бір ауыздан материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді. 

Сондай-ақ Қ.Дәлбеков өз сөзінде: – Шайтыс болған қызметкерлердің әрбірі ешқашан назарымыздан қалған емес, олардың отбасыларына біздің тарапымыздан қолдау көрсетіледі. Қызметі үшін өмірін тәуекелге тігіп, қаза болғандар қаншама. Оған қоса өз міндетін адалдықпен атқарып жүріп, өмірден өткен полицейлер де аз емес. Сондықтан олардың атқарған істері кейінгілерге үлгі!, – деп атап өтті.


Осылайша Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қайтыс болған полицейдің отбасына бір күндік жалақыларынан қаржыларын аударды.

Сонымен қатар Бахтыгүл мен оның балаларының өз үйлері болмағандықтан, аудандық әкімшілік тарапынан баспана берілетін болды.

Қайтыс болған полицей өзінің ішкі істер органындағы қызметін 1996 жылы 13 маусымда бастаған. Сол уақыттан бері қиын да абыройлы қызметтің нағыз маманы ретінде өз міндетін жауапкершілікпен атқарды. Қазығұрт пен Төлеби аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшелерінің бастығы лауазымында да қызмет істеп, өзінің іскерлігімен көзге түскен. Еңбегі басшылық тарапынан еленіп, бірнеше марапат пен мадақтарға қол жеткізген.
Бүгінде оның артында жан-жары Бахтыгүл, Диана мен Данара атты екі қызы және әке жолын жалғастырамын деп өсіп келе жатқан ізбасары ұлы Мирас қалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.