Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Уағыз жүргізген ақтөбелік әйелге айыппұл салынды

Ақтөбе облысында ағымдағы жылдың басынан полиция қызметкерлерімен деструктивті діни ағымдарды жақтаушылар жасаған жалпы қылмыстық сипаттағы 6 қылмыс ашылып, 8 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теріс пиғылды діни ағымдарды жақтаушылар дінді жасырумен қаруды заңсыз сақтау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және т. б. қылмыстар жасады.

Мысалы, 55 жастағы әйел пәтерді жалға алып, онда тиісті тіркеусіз уағыз жүргізді. Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған 265.1 мың теңге айыппұл салынды.

Басқа жағдайда 30 жастағы ер адамнан діни сипаттағы тыйым салынған әдебиеттер алынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 176.75 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Азаматтар әлеуметтік желілерде діни сипаттағы тыйым салынған аудио және бейне жазбаларды сақтап, тарататын фактілер бар, бұл үшін қолданыстағы заңнамада жауапкершілік көзделген. Осындай құқық бұзушылық үшін 4 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 53 теңгеге айыппұл салынды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру