Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Достары ақмолалыққа жоқ пәтердің кілтін табыстап, алдап кеткен

Достары ақмолалыққа жоқ пәтердің кілтін табыстап, алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының екі тұрғынын іске асырған алдау 26 қыркүйекте белгілі болды.

Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 32 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз ер адам пәтерді жалға берем деп алдау жолмен 15 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденгенін хабарлады. Өтініш беруші түсіндіргендей, OLX хабарландыру сайтында ол пәтер іздеген. Хабарламада көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, жәбірленуші тұрғын үйдің «иесімен» кездесуге келіскен. Алайда кездесуге жалға берушімен бірге оның досы да келген. Соңғысы 15 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем жасауды сұраған. Ақшаны алған ер адам өтініш берушіге пәтер кілтін беріп, жасырынған. Облыс орталығының тұрғыны хабарламада көрсетілген мекенжайға келгенде есікті тұрғын үйдің нағыз иелері ашып, бір қателік болғанын және ол алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұған дейін сотталған Көкшетау қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Клиентпен кездесуге оның досы, бұрын сотталған облыс орталығының тұрғыны келген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру