Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Досын өлтірген Түркістан тұрғыны 9 жылын түрмеде өткізеді

Досын өлтірген Түркістан тұрғыны 9 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Осы жылдың мамыр айында Түркістан қалалық Полиция басқармасына қала тұрғындарының бірі көршісінің үйінде жанжал болып жатқаны бойынша хабарлама түсірді. Ақпарат алысымен оқиға болған жерге полицейлер жедел барып, жағдайды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер жанжал болған үйге кіргенде жерде жатқан орта жастағы азаматтың өлі денесін тапқан. Тиянақты тексеру барысында полицейлер кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен орта жастағы азаматты анықтап, басқармаға жеткізді. Күдіктіден жауап алу барысында оның досымен бірге ішімдік ішкені белгілі болды. 

Яғни, екі дос бас қосу кезінде төрт шөлмек араққа сылқия тойып алып, жанжалдасқан. Нәтижесінде бірі екіншісінің маңдай тұсынан бірнеше рет соққы беріп, жарақат салған. Содан ауыр жарақат алған азамат ес түссіз еденге құлап, оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, қылмысы толық дәлелденді. Ал жинақталған құжаттардың барлығы сотқа жолданды. Сот 35 жастағы ер адамды кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру