Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкен сатушысының сөмкесін ұрлаған ер адам ұсталды

Қызылордада дүкен сатушысының сөмкесін ұрлаған ер азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны ұрлық туралы арызданған. Түскен арыз бойынша жүргізілген тексеру барысында 16 шілде сағат 12:30 шамасында белгісіз адам  азық-түлік дүкені сатушысының  ақшасы мен банк кәртішкелері бар сөмкесін ұрлап кеткендігі белгілі болды.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталып, ол кінәсін мойындады. Айғақ зат ретінде тұрғынның ақша салынған әмияні тәркіленді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері күдіктінің тағы екі қылмысқа қатысы бар екенін анықтады.

Барлық деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі  уақытта  күдіктіге қатысты “ешқайда кетпеу және тиісті мінез – құлық туралы қолхат” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Полицейлер тұрғындарды әрдайым сақ болуды және өздерінің немесе сеніп тапсырылған мүліктерінің  сақталуын қадағалауды ескертеді.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру