Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз тұрғыны балконнан темекі тұқылын тастаған көршісін ұрып-соқты

Екібастұз тұрғыны балконнан темекі тұқылын тастаған көршісін ұрып-соқты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының орталық ауруханасына Б.Момышұлы көшесінде тұратын 57 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен жүгінді. Анықталғандай, дене жарақатын 45 жастағы көршісі келтірген. Жанжалдың себебі – балконнан тасталған темекі тұқылы.

– Басқа жағдайда, кезекші бөлімге Королев көшесінде көршілер арасында жанжал туындағаны туралы қоңырау түсті. Үшінші жағдайда, жанжал көршілер арасында ішімдік ішкеннен кейін пайда болды, онда көршілердің бірі дене жарақатын алды. Барлық фактілер бойынша тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Жылдың басынан бері Павлодар облысының полицейлері 2668 тыныштықты бұзған тұлғаларды жауапқа тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру