Екібастұзда зергерлік бұйымдарды қолды қылған ұры ұсталды
Павлодар облысының полицейлері кезекті пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласының Полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз біреудің оның пәтеріне рұқсатсыз кіріп, алтын бұйымдарын ұрлағаны туралы шағымданған.
Келтірілген шығын 300 000 теңгені құрады.
Қылмысты ашу бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын өткізген полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бұрын сотталған 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Оның пәтерінен ұрланған зергерлік бұйымдар табылды, ұсталған азамат алтын бұйымдарын ломбардқа тапсыруды және қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарын өз қажеттіліктеріне жұмсауды жоспарлағанын айтты.Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.