Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Экстремистік материалдарды сақтаған қызылордалық ұсталды

Экстремистік материалдарды сақтаған қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған деструктивті діни ағымын ұстанатын 30 жастағы облыс тұрғыны анықталды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігінде (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 214 410 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру