Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында бір тәулікте 29 қылмыс ашылды

Ақтөбе облысында бір тәулікте 29 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел жағдайды және қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу мақсатында 25-29 сәуір аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Екі күн ішінде патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында 323 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде ұсақ бұзақылықтың – 98, алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің 126 дерегі анықталды. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 13 жүргізуші ұсталды.

Осы жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде 46 қылмыс тіркелді, оның ішінде кезекші тәулікте 29 қылмыс ашылды. Бұрын жасалған 18 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген екі адам ұсталды.

Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмауға, кезекші тәуліктерде қылмыстарды “ізін суытпай” ашуға, сондай-ақ тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтауды анықтауға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді, қонақ үйлерді, хостелдерді және саяжайларды тексереді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру