Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде ғылыми-теориялық конференция өтті

17 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде халықаралық қатысушылармен ел Тәуелсіздігінің және құқықтық тәртіп әскерінің 30 жылдығына орайластырылған «Қол жеткен тәуелсіздікке – берік қорғау» атты ғылыми-теориялық конференция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараны құрылғанына 11 жыл толған Ұлттық ұлан факультеті ұйымдастырды.

Еліміздің Қорғаныс министірінің орынбасары болып тағайындалған Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы Сұлтан Камалетдинов конференцияны ашу барысында факультет ұжымы ЖОО-да жетекші ұжым болып табылатынын және құқықтық тәртіп әскеріне әскери кадрларды даярлауда өздерінің міндеттерін мінсіз атқарып келе жатқанын айтып өтті.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы атынан конференция қатысушыларын және факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамын Ұлттық ұлан Бас штаб бастығының бірінші орынбасары Қайрат Ақтанов құттықтап, ғылыми шараның өтуіне игі тілегі мен тақырыпқа сай ой-тұжырымдамасын айтты.

Ұлттық ұлан факультетінің бастығы профессор, әскери ғылымдардың докторы Жұмабек Ахметов өз сөзінде құқықтық тәртіп әскерінің құрылуы мен дамуындағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.

Конференция барысында қазіргі замандағы жедел және тактикалық басқарудың дамуы, оны шешудің жолдары, сондай-ақ жаңа жағдайдағы Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік әрекетін қамтамасыз ету, әскер алдына қойылған тапсырмаларды орындаудағы патриоттық тәрбиенің жаңа әдістері мен формалары іспетті ғылыми мәселелер қаралды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру