Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бурабай полицейлері тұрғынның көлігінен мылтық тапты

Бурабай полицейлері тұрғынның көлігінен мылтық тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторы “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Бурабай курорттық аймағында қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады

16 қарашада Бурабай ауданының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Юрий Товмасян “Учаске” және “Браконьер” жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында аудан тұрғындарының бірі қаруды заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат алды.

Тексеру барысында 40 жастағы аудан тұрғыны анықталды, оның автокөлігінен оқылмайтын тіркеу нөмірі бар 16 калибрлі “ИЖ-К” маркалы тегіс ұңғылды мылтық табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігіне (Қаруды заңсыз алып жүру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру