Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елімізде 111 қалалық және 481 жеке жағажай анықталды

Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елімізде 111 қалалық және 481 жеке жағажай, су айдындарына жақын орналасқан 70 балалар лагері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Былтыр 607 ресми демалыс орны (500 жеке меншік және 107 коммуналдық жағажай) жұмыс істеді. Еліміздің құтқарушылары өткен жылдың суға шомылу маусымы кезінде 269 адамды, оның ішінде 85 баланы құтқарды.

Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 38 адам суға батып кетті, оның ішінде 13-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері:

– балық аулау ережелерін сақтамау (22 адам, оның ішінде бес адам мұз астына түсіп кетті);

– мұз астына түсіп кетті (алты адам, оның ішінде алты бала ойын кезінде);

– суайдынында қараусыз қалған балалардың суға құлауы (алты бала);

– өз күшін жете бағаламау, су бұрғышқа түсу, қатты ағыс, аяқ-қолдың құрысуы (үш адам, оның ішінде бір бала);

– мас күйінде суға шомылу (бір адам).

Жалпы өткен жылмен салыстырғанда 23 адамға азайғаны байқалады.

Елімізде карантиннің іс-әрекетіне қарамастан, белгіленбеген жерлерде суға шомылуға байланысты төрт адам, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларында, Ақмола және Түркістан облыстарында бір адамнан суға батып көз жұмды.

Бұл ретте, жыл басынан бері Алматы – алты адам, Қарағанды және Түркістан облыстарында төрт адамнан қаза тапты. Бұл жерде адамдардың қаза болуының негізгі себептері балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады.

Еліміздің су айдындарындағы оқиғалар санын азайту мақсатында құтқарушылар алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Құтқару бөлімшелерінің жеке құрамы суға шомылу маусымы кезінде (бір мыңнан астам құтқарушы) қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды. 300-ден астам жүзу құралы мен судағы мыңға жуық құтқару құралы дайындалды.

Құтқару бөлімшелерінде судағы ресми демалыс орындарын қамтуды арттыру үшін қосымша 85 құтқарушы-жасақшы оқытылады.

Қазір жедел-құтқару жасақтары жабдықталмаған учаскелер мен табиғи жағажайларға маусымдық мобильді құтқару бекеттерін қояды, барлығы 53 бекет қою жоспарланып жатыр.

Мобильді бекеттер еліміздің су айдындарының 240 учаскесі, оның ішінде 27 коммуналдық акватория және 213 табиғи жағажай қамтылатын болады. Алайда, жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған суайдындарында суға шомылу фактілері бар, онда өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар жиі орын алады.Тұрғындар өз күшін дұрыс бағаламау салдарынан суда көз жұмады.

Өткен жылы 268 адам, оның ішінде 87 бала көз жұмды. Сонымен қатар, карантинге байланысты халық арасында үгіт-насихат жұмыстары (парақшалар, жадынамалар, брошюралар), сондай-ақ
рейдтік іс-шаралар жүргізілмейді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру