Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Телефон сатушы алаяқ ұсталды

Алматы полициясы жабдықтарды арзан бағамен алып беремін деп уәде берген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 жастағы С. есімді ер адам, техника сататын негізгі дүкендердің бірінде жұмыс істеймін және кез-келген техниканы арзан бағамен алып бере аламын деп сендірген.

– Шындығында, ол еш жерде жұмыс істемей, таныстарына жаңа телефондар, компьютерлер, ноутбуктар мен басқа да техникалық жабдықтарды нарық бағасынан төмен бағамен алуды ұсынып, ақша табуды ұйғарды. Аңғал адамдар бағаның айырмашылығына таңқалып, оның карточкалық шотына ақшаны салып, қалаған тауарларын күтумен болды. Айталық, құны 300 мың теңге тұратын “Iphone” ұялы телефонын, қаскөй 150 мың теңгеге сатып алуды ұсынды. Оның тағы бір сенімдіретін сөзі – карантинге байланысты дүкен тауарларды осылай сататындығын және барлығы заңды түрде жасалынып жатқандығын айтқан. “Пайдалы” сатып алуды күту мерзімі екі апта болуы керек болатын. Алайда, екі аптадан кейін де, үш аптадан кейін де сатып алушы тауарларын көрген жоқ. Ер адам уәдесін орындауды ойлаған да жоқ, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсады. Қазіргі уақытта күдікті – С. есімді ер адамның артында осындай 11 эпизод бар. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Оның бірнеше рет жасаған қылмыстық әрекеттеріне байланысты, біз осы ер адамның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккентұрғындардан мына телефон нөмірлері арқылы бізге хабарласуларын сұраймыз: 8-701-833-33-90; 8-777-164-99-84; 254-48-72; 254-48-75, – деді Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің басшысы Қуаныш Күдебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру