Елорда аумағында есірткі өткізумен және жеткізумен айналысқан екі есірткі тобының жолы кесілді
2020 жылғы 1 маусымнан бастап 31 қазанға дейінгі аралықта «Қарасора-2020» Республикалық жедел-алдын алу шарасын өткізу шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған жұмыс қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Операциялық жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 31 қазанына дейінгі аралықта елорда аумағында «Қарасора-2020» жедел алдын алу шарасы өткізілді.
ЖПШ шеңберінде есірткі құралының заңсыз айналымымен айналысатын адамдардың іс–әрекетін анықтауға және жолын кесуге бағытталған мақсатты жұмыс жүргізілді. Бес ай бойы ЖПШ өткізу кезеңінде есірткі құралының заңсыз айналымымен байланысты 500 факті анықталды. Оның ішінде 50 есірткі қылмысы (14 факті есірткі өткізу), 450 қылмыстық есірткі қылмысы.
Елорда аумағында есірткі өткізумен және жеткізумен айналысқан екі тұрақты есірткі тобының әрекетінің жолы кесілді, бір есірткі әзірлейтін зертхана жойылды.
Арнайы операцияларды өткізу нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында заңсыз айналымнан 186 кг 520 грамм әртүрлі есірткі құралы, оның ішінде: 245 грамм «героин» және 1 кг 70 грамм ‘синтетикалық есірткі» тәркіленді. Ұсталған есірткі дилерлері жоғарыда көрсетілген есірткіні елорда аумағында өткізбек болған.
– Елордалық департамент қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі нәтижесінде осы жылдың 22 қазанында арнайы операция өтті, онда «тұрақты бір арна» жойылды, сондай-ақ елорда аумағына есірткі құралын жеткізуді және өткізуді ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Олжас Жарылғапов.
Нұр-Сұлтан қаласында есірткі жеткізу арналары мен қылмыстық топтардың іс-әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған іс-шаралар өткізу барысында есірткіні өткізбек болған бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 1993 жылы туған азамат ұсталған. Оның автокөлігін тінту барысында өткізу үшін сіріңке қораптарына салынған жалпы салмағы 506 грамм құрайтын «гашиш» есірткі заты тәркіленді. Сонымен қатар аталған автокөліктің ішінде бұрын сотталған 1996 жылы туған азамат анықталып, тінту барысында одан салмағы екі граммды құрайтын «гашиш» есірткі заты тәркіленді.
Сондай-ақ, ЕҚҚІҚБ қызметкерлері есірткі қылмыстарына қатысты адамның сыбайласын және елордаға есірткіні негізгі жеткізушіні – бұрын сотталған 34 жастағы Жамбыл облысының тумасы азамат Д. ұстап, оның тұрғылықты мекенжайы бойынша пәтерін тінту барысында оқ-дәрілері бар, тіркелмеген травматикалық қаруды, есірткі заттарының ізі қалған электрондық таразыны, жалпы сомасы 2 150 000 (екі миллион жүз елу мың) теңге ақшалай қаражатты, сонымен қатар «гашиш» салынған полиэтиленді пакет пен өткізуге дайындап қойған 265 сіріңке қорабына салынған есірткіні тәркілеген.
Есірткі дилерлері «жаңа» есірткі заттарын және психобелсенді заттарды қолдануды жастар арасында кеңінен насихаттауда.
28 қазанда есірткі қылмысына қарсы күрес қызметкерлері құрамында «псилоцин» есірткі заты бар жалпы салмағы 900 гр асатын галлюциногенді саңырауқұлақтарды тәркілеген. Аталған салмақ осы зат үшін заңнамамен белгіленген аса ірі көлемнен 18 рет асып түседі, ал есірткі затынан тұратын саңырауқұлақтардың тәркіленген партиясын бес мың реттік дозаға бөлуге болады.
Аталған факті бойынша наркологиялық есепте тұрған 1997 жылы туған елорда тұрғыны ұсталды.
Үйіне санкцияланған тінту жүргізу кезінде галлюцинагенді саңырауқұлақтарды өсіруге арналған алты дана пластик контейнер табылды. Одан қолдануға және сатуға дайын тұрған есірткі өнімдері шықты.
Жігіт өзі қолдану үшін, сонымен қатар қаланың студент жастарына өткізу үшін саңырауқұлақтарды өсірумен айналысқан. Медициналық куәландыру сараптамасынан ұсталған кезде жігіттің есірткіге масаң күйде болғаны анықталды.
ЕҚҚІҚБ бастығының айтуынша аталған тұлғалардың іс-әрекетінен ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша және ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу) бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылады және жеті жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді.
Барлық ұсталған азаматтар УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өткен кезеңде қала тұрғындарынан есірткі сайттарын жарнамалау бойынша 109 хабарлама келіп түскен, әрі қарай волонтерлер және ПИК-пен бірлесіп жойылды. Аталған фактілер бойынша екі адам ұсталды.
Жоғарыда аталған есірткі сайттарының қызметін бұғаттау мақсатында ақпарат ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД және Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жолданды.
2019 жылдың желтоқсанынан бастап аталған іс-әрекет үшін ҚР ҚК 299-бабы 1-1-бөлігі бойынша үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. ПД қызметкерлері әкімдікпен өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ЖПІШ есеп беру кезеңінде 90 профилактикалық іс-шара өткізді. Аталған жұмыстың нәтижесінен елорданың наркологиялық есебінде тұрған есірткіге тәуелді адамдар саны азайды. Бүгінгі таңда есепте 1 467 есірткі тұтынушы тұр (2019ж. – 1956 адам), 33,3% -ға төмендеген.
«Қарасора-2020» ЖПІШ кезеңінде ІІО қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының Психикалық денсаулық орталығына медициналық куәландырудан өткізу үшін 600 адамды жеткізді, оның ішінде 200-і профилактикалық есепке қойылды.
Елорданы есірткіден тазартуға бағытталған жұмыстар Полиция департаменті басшылығының, әкімдіктің және ҚР ІІМ-нің үнемі бақылауында.