Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері аккумулятор ұрлаған адамды ұстады

Елорда полицейлері аккумулятор ұрлаған адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылғанын анықтады. «КамАЗ» маркалы автокөліктің жүргізушісі болып жұмыс істеген адам ауладағы автотұрақтардың бірінде «CZEFAN» маркалы автокөліктің бірнеше күн тұрғанын байқаған.

Автокөліктің иесі көрінбегесін, күдікті қараусыз қалған автокөліктен жалпы сомасы 120 мың теңге тұратын екі аккумуляторды ұрлаған. Полицияға жеткізілген күдікті аккумуляторларды ұрлағанын мойындады. Ұрланған аккумулятор тәркіленіп, алынды және иесіне қайтарылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысының бар-жоқ екені анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті аккумулятор ұрлығының алдын алу мақсатында жүргізушілерге автокөлікке дабыл жүйесін орнатуды, сондай-ақ көлікті ақылы тұрақтарға немесе бейнебақылау камерасымен қамтылған орындарға қоюды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру