Елорда полициясы көлік ұрлығына қатысы бар күдіктіні құрықтады
Елорда полициясы көлік ұрлығына қатысы бар күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25-27 қаңтар аралығында Астанада ұрлық пен көлік ұрлығының алдын алу, жолын кесу және «ізін суытпай» ашу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында «Автокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Операция басталғаннан бері полицейлер 138 көлік, 50-ден астам техникалық қызмет көрсету станциясы, 3 автобөлшектерді сататын орындар, соның ішінде автобазарлар, дүкендер және тағы басқа да орындар тексерілді.
Тұрғындар арасында үш кездесу өткізіліп, онда көлік иелеріне көліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері айтылып, ескертілді. Тұрғын үйлердің аулаларына, кіреберістерге және азаматтар көп жиналатын орындарға 115 үгіт-насихат материалы орналастырылды.
Осы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Есіл аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері құны 2,7 млн теңге тұратын Chevrolet Nexia автокөлігін ұрлады деген күдікпен 28 жастағы Өзбекстан азаматын ұстаған. Ол Ұлы Дала даңғылындағы үйлердің бірінің ауласынан көлікті жерлесінен ұрлап кеткені белгілі болды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, көлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.