Елорда полициясында кикбоксингтен әлем чемпионы қызмет атқарады
Елорда полициясында кикбоксингтен әлем чемпионы қызмет атқарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордалық Полиция департаментінде полицей спортшылар аз емес. Өйткені тәртіп сақшыларының жұмысы көбінесе ұйқысыз түндермен, қарбалас жұмыс кестесінен тұрады. Ал шыныққан дене дайындығы полиция қызметіне көмек. Өйткені бокс немесе спорттық жекпе-жек сынды дағдылар қызметте өз пайдасын берері анық. Құқықтық тәртіпті қорғаушылар арасында кәсіби спортшылар да аз емес. Солардың бірі – кикбоксингтен әлем чемпионы Жалғасбай Әбшекенов. Бүгінде ол Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарады.
– Мен өзімді танығалы спортпен айналысып келемін, – деп мойындайды ол.
Әртүрлі спорт түрлеріне деген сүйіспеншілікті оның спорттың 6 түрінен шебер атанған үлкен ағасы Мұрат бала кезінен бастап бойына сіңірген. Жалғасбай Әбшекенов кикбоксингте ғана тұғырларды бағындырған жоқ. Ол сондай-ақ жекпе-жек, джиу-джитсу, панкратион және грэпплинг бойынша ел чемпионы атағына ие. Бірақ оның ең көп жүлдесі кикбоксингтен:
– ҚР 9 дүркін чемпионы;
– ҚР Кубогының 9 дүркін чемпионы;
– 2010 жылғы Сербия, Белградта өткен Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері;
– 2011 жылы Ресей, Анапа қаласында өткен Әлем кубогының иегері;
– 2012 жылы Венгрия, Сегед қаласында өткен Әлем кубогының иегері.
Жалғасбай Әбшекенов кәсіби спортшы және тәжірибелі жедел уәкіл.
– Кез келген жеңіс, кез келген жүлделі орын спортпен шұғылдануды жалғастыруға және өз шеберлігін шыңдауға үлкен ынталандыру болып табылады. Сонымен қатар, спорт ауыр жұмыс күнінен кейін жүкті босатуға, күш пен сенімділікті арттыруға мүмкіндік береді, – дейді ол.
– Полиция жұмысы өте қызықты әрі өте қауіпті. Сіз қылмыскерге қашан қарсы тұру керектігін ешқашан білмейсіз. Бұл үшін дене шынықтыру және жауынгерлік техниканы меңгеру қажет, – деп жалғастырады Жалғасбай.
Жалғасбай Әбшекенов 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Полицияда қызмет ету оның бала күнгі арманы еді.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 2014 жылы ювеналды полиция инспекторы қызметінен бастады, содан кейін сол жылы Алматы аудандық ПБ жедел уәкілі болып тағайындалды. 2016 жылы елордалық департаменттің Криминалдық полиция басқармасына ауысты. 4 жыл жұмыс істегеннен кейін Сарыарқа ауданының ПБ аға жедел уәкілі, ал қазіргі уақытта ауданның криминалдық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Полицейдің есебінде «ізін суытпай» ашқан көптеген қылмыстар бар.