Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада бойжеткен өзгенің банк картасынан заңсыз төлем жасаған

Елордада бойжеткен өзгенің банк картасынан заңсыз төлем жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері банк картасын ұрлады деген күдікпен 23 жастағы Астана тұрғынын анықтады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ол жәбірленушінің үйінде бола отырып, сөреде тұрған банк картасын ұрлағаны белгілі болған. Жымқырған картаны алып, бірден дүкенге барған күдікті сол жерде төлем жасаған. Қалған ақшаға кешкі уақытта дәмханаға барып, ұрланған картамен төлем жасап көңіл көтереді.

Қазіргі уақытта бойжеткенге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру