Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада екі күннің ішінде алкогольдік масаң күйде 23 жүргізуші ұсталды

Елордада екі күннің ішінде алкогольдік масаң күйде 23 жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларымен сенбіге қараған түні Жұмабаев көшесінде «BMW» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру кезінде 25 жастағы жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрған. Оған медициналық куәландырудан өту ұсынылды. Дәрігердің қорытындысы бойынша, жүргізуші жеңіл дәрежедегі масаң күйде болған.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Әкімшілік соттың шешімімен мас күйде рөлге отырған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды және көлік құралын жеті жылға басқару құқығынан айырылды.

Апатты жағдайды төмендету және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында елордалық полиция жол қозғалысы қағидасын бұзуды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жандандырды. Осыған байланысты Департамент «Мас жүргізуші-қылмыскер!» ЖПІШ барысында рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

Полиция қызметкерлері автокөлікті алкогольдік мас күйде жүргізу фактілерінің куәсі болған азаматтардан «102» немесе 71-65-25 телефондарына хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Яна :

    Полицейские на страже дорожного движения!!!! Бойтесь Недоводители…

  2. Айгерим :

    Жаксы жумыс👏👏👏 Жарайсындар👍👍👍

  3. Dara :

    Жаксы жумыс.Жарайсындар!!!

  4. Алмат :

    Жаксы корсеткиш

  5. Маржан :

    Жауапка тарту керек мас куйынде жургызетын автоколик иелерын!!!! Дурыс! Осындай iс шаралар көп болсын!!!! Полицияға рахмет айтамын!!!

Жауап қалдыру