Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада мінсіз қызметі үшін полиция қызметкерлері марапатталды

Елордада мінсіз қызметі үшін полиция қызметкерлерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қараша күні Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали астаналық гарнизонның бірқатар жетекшілері мен жедел бөлімдерінің ерекшеленген қызметкерлерін “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен марапаттады.

Марапатталғандар қатарында криминалдық полиция басқармасының 2-бөлім бастығы Данияр Әділов, криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға уәкілі Сәкен Сайранұлы, криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Рахимов Асқар болды.

Агенттік төрағасы полиция қызметкерлеріне елордада мінсіз қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз еткендері үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру