Елордада полицейлер екі үйлену тойы мен құдалық өткізуді тоқтатты
Елордада полицейлер екі үйлену тойы мен құдалық өткізуді тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бөгенбай батыр көшесіндегі «El Plaza» мейрамханасының банкет залында той өткізілді. Мекемеде 150-ден астам қонақ карантиндік шараларды сақтамай, көңіл көтерген. Мобильді топ тексерген кезде үйлену тойы қызу үстінде жүріп жатқан. Сол күні «Baqsarai» және «Арман» мейрамханаларының банкет залында да той мен құдалық өткізілген.
Мекеме иелеріне қатысты жиналған материал ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органға жіберілді.
Демалыс күндері мобильді топ 107 кәсіпкерлік нысанды тексеріп, 33 карантин бұзушылығын анықтаған.