Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда бутиктен көйлек ұрлаған қыз ұсталды

Нұр-Сұлтанда бутиктен көйлек ұрлады деген күдікпен жас қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас қыз Момышұлы көшесіндегі әйелдер киімі бутигінен қымбат көйлекті ұрлап кеткен. Күдікті ілгіштен екі әйелдер көйлегін алып, киім өлшейтін бөлмеге кіреді. Жас қыз олардың біреуін күртешесінің ішіне жасырып, ал екіншісін орнына іліп қояды. Оған ешқандай көйлек жараспайтындай кейіп танытып, сатушының алаңдаған сәтін пайдаланып, бутиктен шығып кетеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер 19 жастағы күдіктіні ұстады. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру