Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада пробация қызметкерлері есепте тұрған мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен көмектесті

Елордада  пробация қызметкерлері есепте тұрған мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14-23 наурыз аралығында өтіп жатқан «Пробация» профилактикалық іс-шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД қарасты Байқоңыр аудандық пробация бөлімшесінің қызметкерлері Байқоңыр аудандық әкімшілігімен бірлесе отырып, әлеуметтік осал топқа жататын есептегі 10 сотталғанның отбасына азық-түлік апарып берді.

Күтпеген тосын сыйға сотталғандар алғыстарын айтты.

Сонымен қатар, профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, алда келе жатқан демалыс күндері қайталама қылмыс жасамау, құқықтық тәртіпті сақтау мен сот үкімімен тағайындалған міндеттерін бұзбау туралы қосымша ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру