Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ер адам қонаққа бару үшін бөтеннің көлігін айдап кетті

Ақтөбе облысында ер адам қонаққа бару үшін бөтеннің көлігін айдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 наурызда патрульдік полиция қызметкерлері Өрлеу кентінің маңында жол ережесін бұзғаны үшін УАЗ автокөлігін тоқтатты. 29 жастағы ер адам көлікті мас күйінде басқарған, сондай-ақ бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Тексеру барысында автокөлік қаланың бір медициналық ұйымына тиесілі екені, жүргізушінің штаттық қызметкер емес екені анықталды. Ер адам полиция қызметкерлеріне Қазанғап көшесіндегі үйдің ауласынан УАЗ автокөлігін заңсыз иемденіп, таныстарына қала маңындағы Өрлеу кентіне барған.

ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді заңсыз иелену), сондай-ақ ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (КҚ-ны басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамды басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті Ақтөбе қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру