Елордада пробация қызметкерлері көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік таратты
Елордада пробация қызметкерлері көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық пробация қызметімен ҚР Президентінің Әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын қолдау, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік-қайырымдылық жобаларын іске асыру мақсатында мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасы мен жалғызбасты анаға алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік жиынтықтары берілді.
Айта кетейік, пробация қызмектерлері көмекке мұқтаж жандарға тұрақты түрде қолдау көрсетеді.