Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада тазалық талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік шаралар жалғасуда

Астанада қала аумағындағы тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік шаралар жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Таза Қазақстан” бастамасы аясында өткізілген кезекті рейд кезінде полиция қызметкерлері Тұран даңғылы маңынан темекі тұқылын арнайы белгіленбеген жерге тастаған 35 жастағы ер адамды анықтады. Тұрғынның әрекетіне байланысты тиісті әкімшілік шара қолданылды.

Сондай-ақ Абылай хан даңғылы бойында темекі шегіп, оның тұқылын жерге тастаған 46 жастағы азамат анықталды. Ол абаттандыру талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Полиция өкілдері тұрғындарды қала тазалығына жауапкершілікпен қарауға және қоқысты, соның ішінде темекі қалдықтарын тек арнайы белгіленген орындарға тастауға шақырады.

Тазалықты сақтау және қоғамдық орындарға ұқыпты қарау – қаланың көркін қалыптастыратын маңызды талаптардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру