Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада Ұлттық ұлан жауынгерлері суға батқан ер адамды құтқарды

Нұр-Сұлтанда ұландықтар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде Есіл өзеніне батып бара жатқан қала тұрғынын құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері Оралбек Жиенбай, Нұрбол Тілеубек және Ерболат Қанатбек елордадағы «Ататүрік» саябағындағы Есіл жағалауында қызмет атқару барысында өзенде қолын сермеп, тұншығып жатқан адамды көріп, жедел құтқаруға кіріседі. Алдымен қатардағы Оралбек Жиенбай суға секіреді. Оның артынша патрульдік топ бастығы кіші сержант Айбат Есіркеп те өзенге секіреді. Екеуі 44 жастағы азаматты судан шығарып алады.

– Біз жағалау бойында келе жатқанбыз. Кенет «Көмектесіңдер!» деген дауысты естідік. Қарасақ, бір адам өзеннің ортасында батып жатыр екен. Арғы жағаға жете алмай, шаршағаннан күші таусылған сияқты. Біз оны судан шығарып алдық, – деді қатардағы Оралбек Жиенбай.

Азаматтың не себепті суға түскенін құзырлы орган қызметкерлері анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру