Елордада жол қозғалысы ережесін 100 рет бұзған азамат ұсталды
«Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзып келе жатқан Chevrolet көлігін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру барысында 15 сәуірден бастап ер адам 100-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзған, ол үшін 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Негізінен жүргізуші жылдамдықты шектеп, арнайы бөлінген жолақтарды пайдалану ережесін бұзып отырған. Тәртіп бұзушыға ескерту беріліп, автокөлік коммуналдық учаскеге қойылды.
Сондай-ақ полицейлер Ресей Федерациясында тіркелген BMW көлігін жүргізіп жүрген, наурыз айынан бері 50 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 37 жастағы азаматты ұстады. Аталған азаматқа полиция қызметкерлері 1 млн 100 мың теңгеден астам сомаға хабарлама беріп, көлік коммуналдық айыппұл тұрағына қойылды.
Астана қаласының аумағында ағымдағы жылдың 7-30 маусым аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
Іс-шараның мақсаты – иелерінің әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар көлік құралдарын, сондай-ақ көрінеу жалған нөмірмен басқарған көлік құралдарын анықтау және одан әрі коммуналдық тұраққа орналастыру.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезеңінде қызметкерлер жалпы сомасы 10 млн 700 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар желісі бойынша 950-ге жуық хабарлама берілді.
Барлығы әкімшілік айыппұлдар бойынша қарызы бар жүргізушілердің 69 автокөлігі коммуналдық тұраққа орналастырылды.