Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық бойжеткен дәмханадан ер адамның күртесін ұрлап кеткен

Елордалық бойжеткен дәмханадан ер адамның күртесін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны кафедегі гардеробтан күртесінің ұрланғаны туралы полицияға арызданған.
Белгілі болғандай күдікті қыз үйіне қайтуға кетер алдында гардеробқа келіп, ол нөмірді жоғалтып алғанын сылтауратып, тіпті 2000 теңге айыппұл төлеген. Сөйтіп өзгенің қалдырған қымбат киімін алып, оны үстіне киіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Қыздың әрекетінен келген шығын көлемі 400 мың теңгені құраған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Байқоңыр аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 27 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Аталған факті бойынша ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру