Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері ұрланған көлікті иесіне қайтарып берді

Шымкент полицейлері ұрланған көлікті жарты сағат ішінде иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Денсаулығына байланысты ауруханаға келген қала тұрғыны тексерілуден кейін сыртқа шығып, көлігін таппай қалған. Бұл туралы ол бірден “102” арнасына хабар берген.

ЖБО инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы Opel Vectrа көлігін жедел анықтап, оны ұстауға патрульдік полиция экипажын бағыттады. Көлік Абай ауданының аумағында тоқтатылды.

Ұсталған азаматты жол полицейлері оқиғаның мән-жайын толық тексеру үшін анықтаушыларға тапсырды. Ал көлік заңды иесіне қайтарылды.

Тұрғын тәртіп сақшыларына жедел жұмысы үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру