Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ұрлықпен айналысқан күдікті анықталды

Астанада ұрлықпен айналысқан күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кіреберістің еденіне төселген ластан қорғайтын темір төсеніштің жоғалғаны туралы полицияға қырағы көршілер хабарлаған. “102” арнасына тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан белгісіз адамдар олардың кіреберістерінен едендегі төсенішті ұрлап, 260 мың теңге материалдық шығын келтіргені туралы қоңырау түсті.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы ПБ жедел криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 32 жастағы ер адамды анықтаған. Ол түнгі уақытта үйлердің кіреберісіне кіріп, ұрлық жасаған. Анықтау кезінде оның екі эпизодқа қатысы бары белгілі болған. Ұрланған төсеніштерді ол металл қабылдау пунктіне тапсырып жіберген.

Осы факт бойынша ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам ісін мойындап, заттай дәлелдемелер алынды. Қазргі уақытта тұрғындарда белсенділік танытып, заңға қайшы әрекеттер туралы жедел хабарлап, полицияға көмек көрсетіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру