Елордалық полицейлер автокөлік ұрыларын құрықтады
Нұр-Сұлтанда екі автокөлік ұрысы ашық тұрған көлікті тонаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктілер Сәтпаев көшесінің бойындағы тұрғын үйдің ауласынан өтіп бара жатып, автокөліктердің тұтқасынан тартып көріп жүріп, есігі ашық қалған Тoyota Camry көлігін байқаған. Содан ұрылар салонға кіріп, автокөлік иесінің құжаттары мен жеке заттарын ұрлап кеткен.
Бейнебақылау камераларына күдікті екі азаматтың жүргені және олардың бірінің көліктің салонына кіргені түсіп қалған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктілерді ұстады. Олар бұрын сотталған 25 және 30 жастағы елорда тұрғындары екені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктілер өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.