Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер азаматтарды суға түсу кезінде сақ болуға шақырады

Нұр-Сұлтан полицейлері ата-аналарға балалардың суға түсуі кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Суға шомылу маусымы басталғалы бері суға батқан адамдар саны да өсіп келеді. Әсіресе, балалардың қатысуымен қайғылы жағдайлар орын алуда. Суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Балалар тұрмақ, үлкендердің өзі қауіпсіздік ережелеріне аса қатты мән бере бермейтін жағдайлар кездеседі.

Елорда аумағында шомылу кезеңі басталғалы бері төрт бала суға кетіп, қайтыс болған.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, шомылу орындары мен коммуналдық жағажайларды патрульдеудің мобильді топтарын ұйымдастырды. Аталған мобильді топ адамдардың суға батып кетуінің алдын алу мақсатында су нысандарына тексеріс жүргізеді. Азаматтарға суда жүзу ережелерін сақтауды, кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз суға түсуіне жол бермеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру