Елордалық полицейлер бірнеше ұрлық дерегіне қатысы бар алматылықты анықтады
Байқоңыр ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында іздеуде жүрген 30 жастағы Алматы қаласының тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгілі болғандай, ер адам қалалық мешіттеy жасырын түрде бөтен біреудің Samsung маркалы телефонын алып кеткен.
Күдікті өзге адамның басқа жаққа көңілі ауғанын пайдаланып, оның телефонын алып кеткені анықталды. Екінші жағдайда ол компьютер клубынан телефонды алып кеткен.
Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адамның Алматы қаласында бірқатар ұрлық әрекеттеріне қатыстылығы үшін іздеуде жүргені белгілі болды.
Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар адам кінәсін мойындап, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Астана қаласының полиция департаменті ұйымдарға қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынады. Азаматтар қырағы болып, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауы керек.