Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктіні қолға түсірді

Елордалық полицейлер бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ел аумағында бірқатар ұрлықпен айналысқан 37 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғынын ұстады.

Ер адам пәтер кілттерін таңдап, пайдалану арқылы Молдағұлова көшесіндегі тұрғын үйдегі пәтерге ұрлыққа түскені анықталды. Үй иелерінің жоқтығына көз жеткізген күдікті барлық бөлмелерді аралап, 140 мың теңгемен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалып, кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Жеке мүлікті ұрлау қылмыстың ең көп тараған түрі болып табылатындықтан елорда тұрғындары мен қонақтарының қырағы болуларын сұраймыз.

Ұрылардың құрбаны болмау үшін, пәтерлеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар. Жеке үй иелеріне үйлеріңізді дабыл жүйесімен жабдықтауға кеңес береміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру