Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада көлік жуу орнының жаңа қызметкері кассадан

Астанада көлік жуу орнына жұмысқа кірген азамат кассадан 200 мың теңге жымқырып үлгерген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеке кәсіп директоры жұмыс орнында қаражат ұрланғаны туралы тиісті органға дереу хабар берген.

Оқиға орнына жедел барған Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары  жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кассадан ақша ұрлады деген күдікпен 26 жастағы жігітті анықтады.

Тергеу барысында жігіттің Мәскеу көшесіндегі көлік жуу орнында тәжірибеден өту кезінде жұмыста өзінің жалғыз қалғанын пайдаланып, 200 мың теңге көлеміндегі қаражатты алып кеткендігі анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Астана қаласы полиция департаменті қырағы болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды, шағын және орта бизнесті бейнебақылау камераларымен тиісті деңгейде жабдықтауды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру