Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер карантин талаптарын елемеген ойынқұмарларды анықтады

Нұр-Сұлтан қаласында карантин талаптарының сақталуын қадағалайтын мобильді топтар карантин талаптарын бұза отырып, компьютерлік клубта жүрген ойынқұмарларды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының, әкімдіктің қызметкерлерінен, еріктілер мен полицейлерден құрылған мониторингілеу тобы күн сайын карантин режимінің сақталуын қадағалау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Алайда елордалықтар қолданыстағы қаулыда көрсетілген бірқатар шектеу шараларын сақтамай, ойын-сауық мекемелеріне, компьютер клубтарына баруды тоқтатар емес.

Азаматтар санитарлық талаптарды елемеу арқылы мұндай немқұрайлықтың қандай салдарларға әкеп соқтыратынын ойламайды, сөйтіп қаланың басқа да тұрғындарына қауіп төндіреді.

Мысалы, кеше мобильді топ өкілдері  сағат 23.20-да «Соник» компьютер клубында карантин режимін бұзу фактісін анықтады, тексеру барысында клубта 15 азамат болған. 

Сондай-ақ, бүгін түнгі сағат 02.21-де виртуалдық ойынға құмар 30 адам «Маус» компьютер клубына жиналған. Ойынқұмарлар әлеуметтік қашықтықты және санитарлық нормаларды сақтамаған.

Карантин режимін бұзушыларға қатысты жиналған материал ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Полицейлер азаматтармен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін карантин режимін сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Тәртіп сақшылары азаматтарды адамдар көп жиналатын орындарда, сауда үйлерінде, базарларда сақтық шараларын сақтауға, шектеу шараларына жауапкершілікпен қарауға, әлеуметтік қашықтықты және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті карантин режимін бұзған адамдардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру