Елордалық полицейлер көліктен ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады
Елордалық полицейлер көліктен ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда тұрғыны үйінің ауласынан белгісіз біреу Lada автокөлігінің салонынан буфер, магнитофон, фаралар мен динамиктерді ұрлап кеткен айтып, полицияға хабарласқан.
Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері 22 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Келтірілген жалпы шығын – 160 мың теңге.
Анықталғандай автотұрақ жанынан өтіп бара жатқан жас жігіт көліктегі бағалы заттарды байқайды. Есіктің тұтқасын сермеп, көліктің құлыпталмағанына көз жеткізіп, көлік салонына кірген. Сөйтіп өзінің ойын іске асрған ол, мүлікті иеленіп, оқиға орнынан ізін суытқан.
Бұл фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.