Елордалық полицейлер көңіл көтеретін мекемелерде рейдтік іс-шаралар өткізді
Елордалық полицейлер көңіл көтеретін мекемелерде рейдтік іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу мақсатында аудан аумағында орналасқан көңіл көтеретін мекемелер бойынша түнгі жұмыстарды жүргізді.
Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында тәртіп сақшылары Панаехали барын тексеру кезінде сағат 22:00-ден кейін көңіл көтеретін мекемеде болған кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады. Кәмелетке толмағанның көңіл көтеретін мекемеде болуына жол бергені үшін бардың иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, кәмелетке толмағанның заңды өкілі де ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары келушілерге кальян шегуге ұсынатын көңіл көтеретін орындарды анықтады. Сонымен, Leto кафесінде мекеме басшысы клиенттерге кальян ұсынған. Кафе қызметкері мен қонақтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу) сәйкес әкімшілік материалдар толтырылды.
Есіл ауданы полиция басқармасының бастығы Әлібек Кужахметовтің айтуынша, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан 10 наурызына дейін елорда аумағында «Қоғамдық қауіпсіздік» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның аясында Есіл ауданының полицейлері 460-қа жуық көңіл көтеретін мекеме мен 150-ге жуық спа-салонды тексерді.